• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Сәуір, 2022

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

135 рет
көрсетілді

Қазгидромет 28, 29 және 30 сәуірдегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, сәуірдің аяғында Қазақстанның батыс өңірлеріне Ақ теңізден келген циклон әсер етеді.

«Циклон шығыс бағытқа ауысып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына да әсер етеді. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, сонымен қатар, 30 сәуірде еліміздің батысында қатты нөсер болады», делінген хабарламада.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік жартысына оңтүстік циклон әсер етеді, ал 30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігін қамтиды.

«Сондықтан бұршақ жауып, дауыл тұрады. Қазақстан аумағында жел секундына 15-20 метрге, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасының біртіндеп төмендеп, елдің қалған аумағында жоғарылауы мүмкін», делінген хабарламада.