Орал қаласында коронавирустан емдейтін 200 төсектік модульдік стационар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, осыған дейін онда жатқан жалғыз науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Оның жағдайы әлі де ауыр.
«Модульдік стационар жабылғанымен, дәрігерлер керек болған жағдайда жұмысқа кірісуге дайын. Қытайда індет қайта өршіп жатқандықтан, коронавирустың таралу қаупі сақталып отыр», деп хабарлады ведомстводан.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, вакцинация басталғаннан бері облыста 276 013 адам бірінші компонентті салдырды. Бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 67 пайызы. Сондай-ақ 267 525-і (65 пайызы) екінші компонентпен де егілді. Өңірде 79 202 адам ревакцинациядан өтті.
Pfizer компаниясының вакцинасын 11 468 адам алса, соның 428-і – жүкті, 5080-і – бала емізетін әйелдер, 5944-і – жасөспірімдер, 16-сы – мүгедектер.