• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Сәуір, 2022

Коронавирус жұқтырған 1654 адам ем қабылдап жатыр

174 рет
көрсетілді

28 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 654 адам коронавирус инфекциясынан (800 КВИ+ және 854 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 90 пациент стационарда, 1 564 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, коронавирус жұқтырғандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Аяна Тоғанбек