• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 29 Сәуір, 2022

Орнықты дамудың ең басты кепілі – тұрақтылық

765 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сөз сөйлегендер біздегі саяси өзгерістер халқымызды ұйыстырып, азаматтарымыздың біртұтастығына жаңа серпін бергенін айтты. Бұл - заңды құбылыс. Себебі осы өзгерістер демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ жаңа саяси мәдениет қалыптастыруды көздейді. Азаматтарды белсенді әрі жасампаз болуға шақырады. Дегенмен, біз мына нәрсені ұмытпауымыз керек. Орнықты дамудың ең басты кепілі - тұрақтылық.

Бұл тұжырым Ассамблеяда талай рет айтылды. Оның дұрыстығын қазіргі тарихымыз дәлелдеп отыр», деді Мемлекет басшысы.