• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 29 Сәуір, 2022

Жаңа Қазақстан әділет аймағына айналуы тиіс – Тоқаев

644 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан непотизм, патернализм, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоятынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алға қарай серпілу үшін мінсіз сәтті күтпей, қазірден кешіктірмей әрекет ету керек екенін тарих көрсетіп отыр. Еліміздің баға жетпес байлығы және қайта құрудың негізгі қозғалтқышы – адамдар, біздің азаматтар. Сондықтан әр азамат өзінен бастауы керек. Бәрін ортақ іске жұмылдырмайынша, мемлекеттік аппарат та, қандай да бір саяси шешімдер мен экономикалық тұтқалар да елді жаңарту мақсатына жетелей алмайды», деді Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.

Президенттің айтуынша, Жаңа Қазақстан құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен қайта пішімдеу қажет болады. Мемлекет басшысы бізге жаңа құндылықтар матрицасында үздіктерді сақтап, ұлттың дамуына кедергі болатын барлық нәрседен арылу маңызды екенін айтты.

«Біз непотизм мен патернализмге, сыбайлас жемқорлық пен компрадорға тосқауыл қоямыз. Жаңа Қазақстан әділеттің аумағына айналуы керек. Ол үшін тек әріптің емес, заңның рухын да сақтау керек. Заңдар догма емес, ол азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін жетілдірілуі керек. Заң, әділдік пен тәртіп бақуатты өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады», деп түйіндеді Тоқаев.