• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 22:05

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында психотроптық заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Тінту барысында 3 кг психотроптық «а-PVP» заты, кристалдану сатысындағы 15 кг өнім, 700 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар