АҚШ-тың Канзас штатында торнадо дауылы соғып, 20 мыңдай ғимарат жарықсыз қалды деп хабарлайды Egemen.kz baq.kz-ке сілтеме беріп.
Табиғи апат Андовер қаласында орын алған. Кем дегенде 12 адам зардап шеккені айтылды. Адам шығыны туралы әзірге мәлімет жоқ.
Сондай-ақ торнадо салдарынан 100-деген үйге зиян келіп, 20 мыңдай ғимарат жарықсыз қалған дейді.
Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай режимін жариялады.