• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2022

Жеке тұрғын үйден шыққан өрттен ер адам қаза тапты

184 рет
көрсетілді

30 сәуірде Ақмола облысы Зеренді ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққан. 1985 жылы туған ер адам көміртегі тотығынан уланып қаза болған деп хабарлайды Egemen.kz baq.kz-ке сілтеме беріп. 

 

1961 жылы туған тағы бір ер адам орта дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді, дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты.

Өрт жалпы ауданы 115 шаршы метрді құрайтын қосалқы құрылыстарға ауысатын жеке тұрғын үйде шыққан. Өрт 12-38-де анықталып, 40 минут ішінде толық жойылды. Өрттің себебі анықталуда, оқиға орнында өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасы мен аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің сегіз қызметкері мен екі  техника шықты.

 

Соңғы жаңалықтар