• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Мамыр, 2022

Коронавирусқа шалдыққан 13 адамның жағдайы ауыр

369 рет
көрсетілді

2 мамырдағы мәлімет бойынша 1 647 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның баспасөз қызметі жариялаған мәлімет бойынша инфекция жұқтырған 85 пациент стационарда, ал 1 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Осы дертке шалдыққан 13 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, сондай-ақ 2 науқасқа ӨЖЖ аппараты жалғанған.

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 5 адамнан анықталды.