• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Мамыр, 2022

Алматыда ірі супермаркет өртенді

270 рет
көрсетілді

Түрксіб ауданында орналасқан супермаркет отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 10:32 шамасында өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданына қарасты Сүйінбай көшесі, 419а мекенжайы бойынша өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақыртумен шықты.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Олар екі қабатты «Huseinoff» супермаркетінің екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары дереу адамдардың бар-жоғына барлау жүргізіп, өрт оқпандары енгізілді.

Оқиға орнында штаб орнатылып, 50-ден астам қызметкер және 15 техника, оның ішінде екі АЛ-32 метрлік өрт автосатысы жұмылдырылды», деп хабарлады ведомствадан.

Қабылданған шұғыл шараның арқасында өрт толық сөндірілді.

Қаза болғандар мен жараланғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.