• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 03 Мамыр, 2022

Ербол Назарбаев қызметінен босатылды

281 рет
көрсетілді

Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 3 мамырда мынадай мәлімдеме жасады.

«2022 жылғы 26 қаңтарда Агенттік Төрағасының бұйрығымен Назарбаев Ербол Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды», деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ол 2022 жылғы 14 сәуірде ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан босатылғаны хабарланды.