• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 03 Мамыр, 2022

Шетел валютасына сұраныс төмендеді - Ұлттық банк

153 рет
көрсетілді

Сәуір айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы жаһандық қаржы нарықтарында орын алған белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан 1 доллар үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Банктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Сәуір айында шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай төмендегені байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,9 млрд АҚШ доллары болған кезде сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 млн АҚШ долларынан 92 млн АҚШ долларына дейін төмендеді.

Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, олар ішкі валюта нарығында шамамен 253,2 млн АҚШ доллары болды. Сәуір айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату 168,3 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 8,7%-ы болды.

Ішкі валюта нарығында ахуалдың тұрақтануы аясында Ұлттық Банк сәуірде валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату операцияларын жүргізген жоқ.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.

Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.