• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Мамыр, 2022

Нигерияда ғимараттың опырылуынан 10 адам қаза тапты

263 рет
көрсетілді

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос штатында үш қабатты ғимарат құлады. Қаза тапқан адамдар саны 10-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы сейсенбіде мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің үйлестірушісі Ибрагим Фаринлое мәлімдеді. Оның айтуынша, 24 адам ауруханаға жатқызылған.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Қайтыс болғандар саны көбеюі мүмкін.

Еске сала кетсек, былтыр Лагос штатында салынып жатқан 21 қабатты ғимарат опырылып, 40-тан астам адам қаза тапқан болатын.