• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Мамыр, 2022

Петропавлда студент суицид жасады

180 рет
көрсетілді

Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі аумағынан 19 жастағы студенттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға орнына полицейлер барды. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды», делінген хабарламада.

Қайтыс болған жігіттің группаластары оның қандай адам болғанын айтты.

«Көп нәрсе айта алмаймын, өйткені ол сабаққа қатыспайтын еді. Бірақ өте көңілді болатын. Әрқашан бәрімен сөйлесуге тырысатын еді. Тіпті жатақханаға көшіп келді, онда да көңілді жүретін еді. Алғашында оны дөрекі деп ойладық, ол өзін солай ұстады, бірақ кейін бәріміз достасып кеттік. Жақсы жігіт еді», деді бір топта білім алатын студенттердің бірі.