• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №793

320 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын Астана қаласына көшіру туралы Мемлекет дамуының стратегиялық аспектілерін болжамдық-тал­дамалық қам­тамасыз етуді одан әрі жетілдіру мақ­сатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкі­меті «Қазақстан Республикасының Пре­зиденті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - ҚСЗИ) Алматы қаласынан Астана қала­сына көшіруді қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкі­меті осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің Іс басқармасы Қазақстан Рес­публикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласында ҚСЗИ-ды орналас­тыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы №3614 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., №36, 337-құжат; 2008 ж., №20, 182-құжат) мынадай өзгеріс пен то­лықтыру енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Қа­зақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде: 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Институттың орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, Астана қа­ла­сы»; 5-тармақтың он бірінші абзацындағы «жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөз­дер­мен ауыстырылып, мынадай маз­мұндағы абзацпен толықтырылсын: «- Қазақстан Республикасының аума­ғында өзінің өкілдіктерін ашуға құқығы бар.». 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 сәуір.  №793