Алматыда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау тетіктерінің кең жиынтығы іске қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігі таратқан мәліметке қарағанда, биыл мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында бизнесті қолдауға 42,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы кредит сомасы 8,3 млрд теңгеге 110-нан астам жоба мақұлданды.
«Қаңтардағы тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккен ШОБ субъектілеріне несие төлемдерін кейінге қалдыруға, ірі сауда объектілерін жалға алуға жеңілдіктер берілді, белгілі бір кезеңге коммуналдық жалдау ақысы алынып тасталды», делінген ведомствоның хабарламасында.