• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2022

Колонияға камера орнатылған көзілдірік өткізбек болған адам ұсталды

287 рет
көрсетілді

Түркістан облысында колонияға жасырын камерасы бар көзілдірік өткізуге тырысқан адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімінің қызметкерлері портативті камерасы бар ерекше сәлемдеменің колония аумағына кіруінің алдын алды. Сотталғандардың бірінің атына поштамен келген бандерольді тексеру барысында жасырын микро-бейнебақылау камерасы орнатылған арнайы көзілдірік алынып, тәркіленді. «Тосын сыйы» бар сәлемдеме шамамен бұрын сотты болған, қазіргі кезде мекемеде ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам ұрлау, бопсалау, терроризм) үшін 14 жылға сотталған азаматтың атына келген.

Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Бірнеше рет ескертулерге, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттерге қарсы жүргізілетін шараларға қарамастан, пенитенциарлық мекеменің аумағында пайдалануға тыйым салынған заттар мен тауарлардың түсуі әлі де жалғасуда.

«Жыл басынан бері Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы келетін тыйым салынған заттарды берудің 20-дан астам әрекетінің жолын кесті. Көбінесе бұл есірткі заттары мен ұялы телефондар. Алайда біз үшін бұндай ерекше құрылғының тәркіленуі алғаш рет болып отыр. Бұған дейін өңірде осыған ұқсас фактілер тіркелмеген», дейді өңірлік ҚАЖ департаменті.