Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толу мерейтойына орай Сәтбаев қаласында ғалымның ескерткіші бой көтерді.
Салтанатты жиында қала әкімі Әнуар Омар, «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің бас директоры Саят Бәкіров, еңбек ардагері Яхия Асатов, академиктің немересі Әлима Жармағамбетова және т.б. адамдар құттықтау сөз сөйледі. Белгілі мүсінші, «Парасат» орденінің иегері Жаубасар Қалиев жасаған ғалымның қоладан құйылған негізгі мүсінінің биіктігі – 4,4 метр болса, ал жалпы биіктігі 8 метр. Ескерткіш жергілікті бюджеттің қаржысына жасалып, салынды.
Абдолла ДАСТАНОВ,
Сәтбаев қалалық «Мысты өңір»
газетінің редакторы.