• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Мамыр, 2022

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

349 рет
көрсетілді

Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әдетте мамырдағы мерекелерде күн жылы болып, көпшілігі табиғат аясына шығады. Бірақ бұл мүмкіндікке тек оңтүстік өңірдің тұрғындары ие бола алады», деді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, Иран аудандарынан келетін жылы циклон елдің оңтүстік жартысына ауыса бастайды, сондықтан күн сайын ауа температурасы жоғарылайды.

«Ал солтүстік өңірге суық антициклон әсер етеді. Қысқа мерзім ішінде ауа температурасы төмендеп, түнде термометр бағандары қайтадан нөлден төмен түседі», деп қосты синоптиктер.