• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2022

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 27,7%-ға қымбаттады

394 рет
көрсетілді

Елімізде тұрғын үй бағасы бес жыл қатарынан қымбаттап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұрғын үй бағасы өсіп келеді. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана тіркелді. Ол кезде жаңа тұрғын үй 3,6%-ға арзандады. 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6%-ға төмендеді», делінген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Өткен жылғы сәуір мен биылғы жылғы сәуір аралығында пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату құны 20,3% қымбаттады. Ал абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі 22,2% көтерілді.

Бір айдың ішінде қайта сатуға қойылған баспана құны 1,8% өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құрады.

Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде 0,8% жоғарылады.