• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Мамыр, 2022

Әскери альпинистер «Батыр-панфиловшылар» шыңына ту тікті

307 рет
көрсетілді

Тау дайындығы орталығы нұсқаушыларының командасы «Батыр-панфиловшылар» шыңын бағындырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери альпинистер бұл жолғы жетістіктерін ҚР Қарулы күштерінің 30 жылдығы мен Жеңістің 77 жылдығына арнап отыр.

«Қарулы күштердің 30 жылдығына біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өткен шыңды бағындыру шарасына 18272 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және арнайы (тау) дайындық жөніндегі орынбасары, подполковник Аманжол Рахметов басшылық жасады», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Он адамнан тұратын топтың құрамында Қазақстанның танымал альпинистері, Қарулы күштердің әскери қызметшілері - майор Мақсұт Жұмаев, капитан Василий Пивцов, сержант Александр Софрыгиндер бар.

Кәсіби шеберлігін тағы бір рет дәлелдеген альпинистер командасы шыңның ең биік нүктесіне Қазақстанның туын тікті.

Айта кетейік, теңіз деңгейінен 4120 метр биіктікке дейін жететін «Батыр-панфиловшылар» шыңы Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында орналасқан.