• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Мамыр, 2022

Сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС қорына 5,6 млрд теңгеге жуық жарна түсті

317 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың сәуір айында елордалықтар 5,6 млрд теңгеге жуық жарна аударған, деп хабарлайды Egemen.kz «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 29 сәуірі аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарна 120,4 млрд теңгеге жуық» – деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы жылдың сәуір айында 5,6 млрд теңгеге жуық жарна түсті. Оның 3,2 млрд теңгеге жуығы – жұмыс берушілердің аударымдары, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 2,4 млрд теңге. Ал 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 19,7 млрд теңгеден аса жарна аударған, оның 10,8 млрд теңгеге жуығы жұмыс берушілердің аударымдары, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 8,9 млрд теңге.

2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 11 941 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 43,4 млн. теңгеге жуық соманы құрайды, ал осы жылдың сәуір айында 8137 БЖТ төлеушілерден 10,8 млн.теңге түскен»,-делінген хабарламада.