• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Мамыр, 2022

Сенатор Тіл білімі институтының ғалымдарымен кездесті

288 рет
көрсетілді

Сенатор Ләззат Сүлеймен Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат кездесу барысында институт ғалымдарының жұмысын жоғары бағалады және мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін бүкіл ұжымға алғыс айтты. Сенатор институт активімен бірге Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша алдағы референдумды да талқылады.

«Еліміздің болашағы үшін алдағы референдумның маңызы зор. Азаматтар осылайша конституциялық реформаны жүзеге асыруға тікелей қатысып, болашақтағы жаңа Қазақстан үшін дауыс бере алады. Ұсынылып отырған түзетулер бойынша өз пікірін білдіру үшін қазақстандықтардың басым бөлігі сайлау учаскелеріне келеді деп сенемін», деді сенатор.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ білім беру саласының өзекті мәселелері туралы, атап айтқанда, Қазақстанда рухани мәдениетті дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.

Кездесу барысында сенатордың сапары оқытушылар құрамының бастамаларын ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылатыны айтылды. Ләззат Сүлеймен ғалымдар көтерген проблемалық мәселелер жан-жақты зерттеліп, кейіннен Сенат комитетінің жұмыс отырыстарының қарауына шығарылатынын атап өтті.