• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Бокс 08 Мамыр, 2022

Головкин Биволды жеңісімен құттықтады

183 рет
көрсетілді

Жекпе-жектен кейін бірден «Канело» реванш өткізуді талап етті. Ресейлік боксшы келісті. Боксшылар арасындағы реванш Головкин-Альварес трилогиясына қауіп төндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ресейлік Дмитрий Биволды (20-0, 11 КО) мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңгенімен құттықтады.

Головкин жекпе-жек нәтижесіне қатысты пікірін Twitter-де жазды.

«Жеңісіңіз құтты болсын, Бивол. Барлығы күшті, дәл осылай жалғастыра беріңіз, деп жазды Геннадий Головкин», деді GGG.

Дмитрий Бивол Сауль «Канело» Альваресті бірауыздан ұтты. Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулын қорғады.

Жекпе-жектен кейін бірден «Канело» реванш өткізуді талап етті. Ресейлік боксшы келісті. Боксшылар арасындағы реванш 2022 жылдың қыркүйегінде Головкин-Альварес трилогиясын өткізу мүмкіндігін азайтты.