Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Енді олар Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысу үшін Литваға аттанады.
Балтық жағалауында жалауы желбірейтін жарыста жерлестеріміз С тобында өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Анатолий Одинцов соңғы жаттығу жиынына мына шәкірттерін шақыртты: Қақпашылар – Назерке Әбілхасенова, Юлия Васильева. Қапталдағы ойыншылар – Адиля Вылданова, Лейла Садықова, Милана Ткач, Айжан Әбілғазиева, Елдана Әйтімбетова, Камила Ақшалова, Данира Алқанова, Әсемгүл Аруова, Кристина Федякина, Анастасия Комарова, Замира Қонаева, Зарина Нозимова, Айя Шолақова, Евгения Тузикова және Александра Вербицкая.