Ақмола облысында ойнап жүріп, өзенге құлаған бір отбасының кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келеңсіз жағдай бүгін, мамырдың 9-ында, Целиноград ауданының Ақмол ауылында болды. Оқиғаны Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.
Анықталғандай, 10 және 6 жастағы ағалы-қарындасты екі бала өзенде аққуды тамақтандырып жүрген. Осы кезде, қыз баланың аяғы тайып, абайсызда суға құлап кетеді. Оны құтқарам деп ағасы да суға секіреді. Алайда, екеуі де судан шыға алмады. Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам оларды көріп қалып, көмекке келеді. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі кезде балалардың жағдайы тұрақты.
Аяна Тоғанбек