Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жүргізушілеріне Б.Момышұлы даңғылындағы жөндеу жұмыстарының басталғанын ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 9-19 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады», делінген хабарламада.
Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», деп толықтырды ведомстводан.
Аяна Тоғанбек