• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Президент 10 Мамыр, 2022

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

188 рет
көрсетілді

Мемлекет басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды. Қазақстан Президенті бауырлас Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді.

Шағын құрамдағы кездесу соңында Мемлекет басшысы Түркия Президентін елімізге сапармен келуге шақырды.

Режеп Тайип Ердоған өзінің шақыруын қабыл алып, Түркияға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстанға шақыруын ризашылықпен қабыл алып, биыл күзде елімізге келетінін жеткізді.

Аяна Тоғанбек