• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Кино 11 Мамыр, 2022

Үздік фильм анықталды

939 рет
көрсетілді

Қостанайда қазақ театрының қазығын қағып, негізін қаласқан аса көрнекті өнер қайраткері Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «Seraly Film Festival» республикалық қысқаметражды көркем фильмдер фестиваль-байқауы өтті.

Өнер байқауына еліміздің әр түкпірінде түсірілген қы­рық шақты қысқаметражды фильм келіп түсті. Шағын туын­дылардың көпшілігі отбасылық құндылық, ата-ана алдындағы перзенттік парыз,  баспанасын құмар ойынға тігіп отба­сын далада қалдырған, өзі қа­шып-пысып жүрген жауапсыз әкенің берекесіз тірлігі сияқ­ты әлеуметтік жүгі ауыр мәселе­лер­ді көтерген. Сонымен қатар баскетбол спортына ерекше қы­зы­ғушылық танытқан іні­сінің мықты спортшы болып қалып­тасуына көп күш жұмсап, ерекше жігер танытқан бауырмал аға­ның жанашырлығы сияқты тәрбие­лік тағылымы мол жылы дүние­лер де бар.

Көлемі қысқа болғанымен, мазмұны терең, шымыр оқи­ға­­ларға құрылған шағын фильм­дердің көркемдік деңгейі мен түсірілім тобының режиссер­­лік, операторлық шеберлігін С.Қо­жам­құлов атындағы Жезқаз­ған қазақ музыкалық-драма­­лық театрының директоры, театр және кино актері – Сәкен Досхан бастаған қазылар алқасы таразылады. Нәтижесінде, «Үздік опе­­­­ратор» аталымы бойынша шы­райлы Шымкент шаһары­нан келген Фархат Саипов жеңім­паз атанса,  «Үздік режиссер» аталы- мына қостанайлық Есбол Жат­қа­нов лайық деп та­ныл­­ды. Нұр-Сұл­тан қаласынан кел­ген Жар­қын Тілеуқор «Ең үз­дік сце­на­рийі» аталымы­на ие болса, алма­тылық Рүс­тем Дас­тан­ұлы­ның «Минус 5» деп аталатын 7 ми­нуттық қыс­қа­метраж­ды ­туын­дысы бай­қау­дың ең бедел­ді аталымы «Үздік фильм» ата­ғын жеңіп алды.   

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдың басты мақсаты – Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қапан Бады­ров, Әнуар Боранбаев сынды өнер тарландары дүниеге келген өңірде қазақ кино өнерін дәріп­теп, жаңа есімдердің танылуына ықпал ету.

Тобыл төрінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған ша­раға кәсіби сахна өнері мен ұлт­­тық киноның қалыптасып, да­муына өлшеусіз үлес қосқан  сан қырлы актердің туған қызы Мәриям Сералықызы Алматыдан арнайы келіп қатысты. Даңқты әкесінің туған жері Қарабалыққа барып қайтқан Мәриям апай  Қостанай жұртшылығына алғы­сын айтып, ізгі тілегін арнады.

– Қарабалық ауданында әкем атындағы музыка мектебі мен бір көше бар екен. Аталған мектеп­тің оқушыларымен кез­десіп, дәріс оқыдым. Ал сонау Алматыдан менімен бірге кел­ген М.Әуезов атындағы Қа­зақ мемле­кеттік академиялық драма театры музейінің жетекші­сі Нарғыз Тамабекқызы  аудан­дық музей қызметкерлеріне шебер­лік сабағын өткізді.  Бүгін екі той қатарласып отыр. Біріншіден, әкемнің туған күні болса, екін­шіден Жезқазған театрына әкем­нің атының берілгеніне тура 40 жыл болыпты.  Сіздерге алғысым шексіз, – деді толқи сөй­леген  Мариям Сералықызы.

Ауқымды іс-шара барысында І.Омаров атындағы Қостанай об­лыс­тық қазақ драма театрында белгілі кино және театр актрисасы Алтынай Нөгербек  «Пси­хо­физикалық әрекет» атты ше­бер­лік сағатын өткізді. 

 

Қостанай облысы