• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Мамыр, 2022

Елена Рыбакина бір сатыға жоғарылады

286 рет
көрсетілді

Жаңартылған әлемдік рейтингінде қазақстандықтар арасында ең үздік нәтиже Елена Рыбакинаға тиесілі. WTA тізімінде 22 жастағы теннисшіміз бір сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 17-орынды иеленуде.

Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путин­цева «ТОП-40» теннисшіні түйіндеуде. Өзге ойыншыларымыз мынадай орындарды еншілеп отыр: Зарина Диас – 134, Анна Данилина – 342, Жібек Кұламбаева – 498, Гозаль Айнитдинова – 570, Ярослава Шведова – 574 және Екатерина Дмитриченко – 855. Әйелдер арасында польшалық Ига Свентекке тең келер ешкім табылмай тұр. Одан кейінгі сатыларға чехиялық Барбора Крейчикова, испаниялық Паула Бадоса, грекиялық Мария Саккари және эстониялық Анетт Контавейт табан тіреді.

Уақыт озған сайын АТР рейтингіндегі жағдайымыз нашарлай түсуде. Еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик өткен аптамен салыстырғанда сегіз сатыға құлдилап, бұл күндері 41-орынды қанағат тұтты. Өзге отандастарымыз мынадай сатыларға тұрақ­тады: Михаил Кукушкин – 163, Дмитрий Попко – 182, Тимофей Скатов – 193, Денис Евсеев – 337, Бейбіт Жұқаев – 490, Александр Не­довесов – 730, Григорий Ломакин – 856 және Достанбек Ташболатов – 911. Ерлер са­­­йы­сын­да сербиялық Новак Джокович дара тұр. Ресейлік Даниил Медведев пен гер­ма­­­ния­лық Александр Зверев оны өкшелеп келеді.