• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 11 Мамыр, 2022

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

1511 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британдық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 18 КО) арасындағы алдағы жекпе-жектің мәртебесі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жекпе-жек 21 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы алдағы жекпе-жек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» титулы үшін өтеді», делінген ұйым таратқан хабарламада.

Бұған дейін WBO Әлімханұлын Деметриус Андраде иеленген орта салмақтағы толық WBO титулына міндетті қарсылас етіп тағайындаған, алайда американдық боксшы оны қорғағысы келмей, WBO-ның бұл категориядағы «уақытша» чемпион атағы үшін Зак Паркермен жұдырықтасу үшін екінші салмаққа көтерілді.