• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2014

Қытай әйелі күйеуіне ұнау үшін жасанды омырау жасатты

663 рет
көрсетілді

Қытайда тұратын Тянь Хуэй деген әйел басқа бір келіншекпен әмпейі болып жүрген күйеуімен қарым-қатынасын қайтадан қалпына келтіріп алу үшін омырауына пластикалық ота жасатамын деп бәлеге қалды. Бұл туралы «Утро.ru» сайты хабарлады. Негізінен әйел ерлі-зайыптылық өмірін сақтап қалу мақсатында жасатқан отасынан нәтиже шығара алған. Шынымен жұбайының кеудесінде «томпиған» заттың пайда болғанын көрген кердең күйеу шаңырағына қайта оралған. Бірақ шамалыдан кейін-ақ әйелдің қолдан қондырылған имплантация омырауы бір орнында тұрмай, қозғалып кете беретін қылық шығара бастаған. Содан бастап 39 жастағы Тянь Хуэйден де маза қашқан. Ол бір күні таңертең тұрғанында тіпті омырауын таппай да қалады. Тек айна алдына барғанда ғана бір омырауының қарнында, екіншісінің арқасында тұрғанын көреді. Осыдан кейін әйел дәрігердің көмегіне қайта жүгінеді. Медиктер анықтағандай, оның омырауына ота жасалғанда улағыш зат қолданылыпты. Қытайда осыдан 10 жыл бұрын бұл препаратты пайдалануға тыйым салған екен. Дәрігерлер осыдан кейін Тянь Хуэйге қайтадан ота жасап, оның улы «омырауын» алып тастап, орнына жаңасын қойып берген. Осылайша қырықтың қырқсына жақындаған Тянь Хуэй күйеуімен қарым-қатынасын өз денсаулығынан жоғары қоямын деп әбігерге түскен. Қытай әйелінің айтуынша, өзінің бұл әрекеті күйеуін селт еткізе қоймапты. Жалпы, адам тәніне имплантация жасайтын «жайсаңдар» өз клиенттерін жиі-жиі ыңғайсыз жағдайға қалдырады екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын имплантация жасаушылар америкалық модельер Шавон Торреспен өте қатты «әзілдескен» болатын. Шоу-думанды бейне камераға түсіру жұмыстарының үстінде Шавон Торрестің көлемі үлкен етіп жасалған омырауы жарылып кеткен. Бағына орай, дәрігерлер оны аман алып қалған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Утро.ru. Фото: FederalPost.