Бүгін, 15 сәуір күні Болгарияның астанасы – София қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші күнгі іріктеу ұрыстары болып өтті. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Қазақстандықтар сапынан бұл күні екі боксшы рингке шығып, екеуі де жеңіске жетті. Кешкі сессияда күш сынасқан олардың екеуі де жеңіске жетті. Сессияны 56 килодағы Сұлтан Зәуірбек пен бутандық Тшеринг Самдруп арасындағы ұрыс ашты. Онда біздің бағлан қарсыласынан басым түсті. Кейінірек 60 килоға дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов АҚШ-тық Очоас Исидродан басым түсті.
Бұл екі жігіт те Азияның Таиландта өткен соңғы чемпионатында алтыннан алқа таққан. Бұған қоса, Абылайхан біріншіліктің ең үздік боксшысы атанған.
Еске сала кетейік, кеше чемпионаттың бірінші күнінде 52 кило салмақтағы Ергеш Оразхан итальян Винченцо Колелланы 2:1 етіп ұтқан болатын.
Ертең, 16 сәуір күні қазақстандықтар қатарынан үш атлет шаршы алаңға шығады. Атап айтқанда, күндізгі сессияда 69 килодағы Рахат Мыржықпаев кореялық Жин-Хун Паркпен, кешкі сессияда 64 килодағы Аян Қалыбеков ирланд Уэйн Келлимен қолғап түйістіреді. Ал қыздар арасынан 60 килолық Назым Ықсанова поляк Жустина Валаспен күш сынасады.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: ras.kz.
Фото: ВКонтакте.