• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Мамыр, 2022

Референдумға қатысатын қазақстандықтардың тізімі жасақталып жатыр

321 рет
көрсетілді

5 маусымда өтетін референдумға қатыса алатын азаматтардың тізімі жасақталып жатыр. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Референдум – бұл Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі бойнша бүкiлхалықтық дауыс беру рәсімі. Аталған рәсім мемлекеттің неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердi қабылдауға қатысты өткізілуі мүмкін. Конституцияның 91-бабына сәйкес оған түзетулер енгізудің 2 жолы бар. Бірі республикалық референдум немесе Парламент арқылы. Президент бірінші жолды таңдады. Өйткені, дәл осы жол демократиялық институттардың дамуын көрсетеді. Референдумға кәмелет жасына толған барлық азамат қатыса алады. Бүгінде орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасақтап жатыр», деді Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.