• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Мамыр, 2022

Биыл елордада 4 бала терезеден құлап кеткен

417 рет
көрсетілді

Елорда аумағында жыл басынан бері 4 бала терезеден құлап кеткен. Нұр-Сұлтан қаласының полициясы ата-аналарға негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 4 бала абайсызда терезеден құлап кеткен. Жазатайым оқиғалардың көп бөлігі ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты болады. Бала ересектердің көз алдынан кеткенде, терезе ашық кезде жалғыз қалғанда, құлап кету қаупі өте жоғары.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береді:

- егерде балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңыздың өмірінде өлімге әкелуі мүмкін;- ешқашан москит торларына сенбеңіз балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;- балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;- баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз;