• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Мамыр, 2022

Балуандар табысы қомақты

178 рет
көрсетілді

Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетуде. Бұл жолы қоржынымыз тағы төрт медальмен толықты.

Кезекті жарыс күні балуандарымыз қуантты. Грек-рим күресінен өткен белдесуде Қайратхан Шонкудың асқан шеберлігі­не тәнті болдық. 130 кило салмақта күш сынасқан қандасымыз қарсы келгендер­дің барлығын қоғадай жапырып, финалда ол түркиялық Мехмет Юсалдымен айқасты. Бұл тартыс Қайратханның айқын жеңісімен аяқталды.

97 кило салмақта күрескен Асылан Тә­жиевтің де жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуге жақсы мүмкіндігі болды. Алайда шешуші тұста жеңіліс тапқан ол күміс медальды мойнына ілді. Ал Алдияр Балташев (60 кило) пен Нұржан Асан (77 кило) белдесулерін қола жүлдемен қоры­тындылады.