Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры жомарт жандардың демеуімен екі үй салып, мұқтаждарға сыйға тартты. Осылайша, жақсылыққа жұмылған жастар жерлестеріне сыйлаған баспана санын сегізге жеткізді.
Бұл жолы жабырқағанның жанынан табылғандардың көмегі екі баласын жеткізіп отырған мүгедек жан мен үйлері құлау қаупінде тұрған көпбалалы отбасына тиіп отыр.
Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов баспаналы болып жатқан отбасыларды құттықтап, құрылысқа атсалысқан бір топ кәсіпкер мен жастарға «Алғыс хат» табыстады. Кейінгі жылдары ғана тұрғындар қоныстана бастаған жаңа аудан мен орталық стадион маңыннан үй салып, қиналып жүрген жандарға қамқорлық танытып, сауапты іс жасаған жастарға ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы мен жерлестері ризашылығын жеткізді.
Қызылорда