«Ет сасыса, тұз себеді». Ал тұз сасыса, не себеді?... Қазталов ауылының аузында иманы, қойнында құраны бар Б. деген азаматы жастарға ақыл айтып, дұрыс жолға салудың орнына өзі аяғын мүлт басты.
Қалай болды? Ширек ғасыр отасқан жұбайын сабап, екі тәуліктік қамауға алынды. Онымен қоймай құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның үйінен ешқайда тіркелмеген, заңсыз сақталған тапаншаны тәркіледі.
Суық қарудың қалай сақталып келгені жөнінде тиісті орындар тергеу амалдарын жүргізуде.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы.