• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2022

Қазақстанда автокөліктің бағасы неге қымбат?

395 рет
көрсетілді

ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр әлем бойынша автокөліктердің жаппай қымбаттауы Қазақстанға қалай әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлем бойынша автокөліктердің қымбаттап кеткені баршамызға мәлім. Егер кореялық маркадағы танымал көліктер бізде қымбаттаса, бұл көліктерге барша әлемде де бағаның өскенін көруге болады. Атап айтқанда, металл құны, тасымалдау қызметтері, логистика қымбаттады. Осының барлығы объективті тренд және біз де оның әсерінен айналып кете алмаймыз», деді Роман Скляр елордада мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған форум барысында.

Оның айтуынша, автодилерлер өз қызметін қолданыстағы заңнама аясында жүргізіп жатыр.

«Олар шетелден автомобиль сатып алып, оның бәрін заңнамалық негізде өткізе алады. Алайда автосалондарда қосымша қызметтерді алуға мәжбүрлейтіндерге қатысты тоқталсақ, олардың жұмысын тиісті мемлекеттік органдар тексеруі керек», деп түйіндеді Үкімет басшысының орынбасары.