• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2022

Ереже бұзған көліктен есірткі шықты

594 рет
көрсетілді

7 мамыр күні сағат 21:15 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы қызметкерлері Тасбөгет кенті тұсынан жол ережесін бұзған Арал ауданының 57 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Lada-Kalina» автокөлігін  тоқтатқан, деп жазады Egemen.kz.

Тексеру барысында жолаушыдан газет қиындысына оралған шөп ұнтақтары тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптама оның кептірілген марихуана екенін анықтаған. Сонымен қатар күдікті үйінің ауласында 5 түп сораны егіп, баптағаны да белгілі болып отыр.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.