• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2022

«Алтынкөл-жол» кеден бекетінде қауіпті қалдықтарды заңсыз алып өту фактісінің жолы кесілді

406 рет
көрсетілді

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде пайдаланылған автомокөлік шиналарын заңсыз алып өту фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Темір жол көлік құралдарында кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен декларацияланбаған тауарлар – жалпы саны 3 365 бірлік, жалпы салмағы 29 267 кг «бұрын пайдаланылған автокөлік шиналары» табылды.

2015 жылғы 21 сәуірдегі №30 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» шешіміне сәйкес, аталған шиналарды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы арқылы алып өтуге тыйым салынады.

Осылайша, бұрын қолданыста болған пневматикалық шиналар мен шиналар тізімнің 2,3 тізімінде – қауіпті қалдықтар ретінде көрсетіліп, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына/аумағынан әкелу/әкету лицензия негізінде жүзеге асырылады.