• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2010

ӘЛЕМ ӨТКЕН АПТАДА

515 рет
көрсетілді

ОРЫС-ТҮРІК ЫНТЫМАҒЫ Ресей президенті Дмитрий Мед­ведевтің Түрік Респуб­лика­сы­на ресми сапары өте сәтті өтті деу­­ге болады. Екі ел арасын­дағы ынтымаққа жеткізетін көп­теген құжаттарға қол қойылды, тілек­тер айтылды. Енді олар бір-біріне ви­за­­сыз бара алады. Бұл елдердің түрлі шаруашылық саласына ин­ве­с­ти­ция салу көлемі 25 мил­лиард доллар құрайтыны көп жайды аңғартады. КЕЛІСІМ БҰЗЫЛДЫ Осыдан біраз бұрын Таи­ландтағы билік пен оппозиция арасындағы қақтығысты тоқтату жөнінде келісімге қол жеткен болатын. Биліктегілер жыл аяғы­на дейін парламент сайлауын өткізуге, кабинеттің қызметінен кетуіне міндеттеніп еді. Мұның есесіне оппозиция қарсылық әре­кет­­терін тоқтатуы тиіс бола­тын. Бірақ оппозиция тоқтатпа­ды, қайта астананың іскерлік аймағында әрекеттерін күшейтті. Бұған премьер-министр Абхасит Ветчачива да пәрменді шаралар­мен қарсы жауап беріп отыр. ӨЗДЕРІНЕН БАСТАДЫ Ұлыбританияның жаңа сай­лан­ған, консерватор Дэвид Кэме­рон бастаған коалициялық үкі­метінің мүшелері өз жалақы­ларын 5 пайызға кемітуге келісе­ті­нін мә­лім­деді. Ондағы мақсат – бюд­жет тапшылығына қарсы күрес. Жаңа тағайындалатын­дарға бұл оншалықты әсер ет­пейді. Тіпті сол 5 пайызға кемі­тіл­ген жалақының өзі айтарлық­тай жоғары және жаңа келген­дер­ге оншалықты аңғарылмайды. Ал бұрыннан алып келе жатқан жалақыны қысқарту ауыр болар еді. Оның есесіне, енді басқа­лардың айлығынан қыс­қарту­ды талап ету жеңіл. ИРАНДА – ЖАҢА ҚАРУ Жақында өткен сегіз күндік әс­кери жаттығу кезінде Иран қарулы күштері жаңа торпедолар мен “жер-теңіз” класындағы “Фаджр-5” зымырандарының соңғы мо­делін сынақтан өткізді. Және ол ой­дағыдай өтті деп ха­бар­лады. Бұл қарулар су астын­дағы нысандарды жоюға бағыт­талатын көрінеді. ЧАВЕСКЕ БӘРІ ЛАЙЫҚ Венесуэла үкіметінің Мекси­ка­ның меншігі саналатын азық-түлік өндіретін “Монака” компа­ния­­сын мемлекет меншігіне ал­ға­ны біраз шу тудырды. Ком­пания басшы­лары бұдан бей­хабар болған. Үкі­мет шешімін естіп, олар таң-тама­ша қалыпты. Бұл елде бұрын да талай рет осылай болған екен. Пре­зидент Уго Чавес шешім қабылдай­ды да, компаниялар, кәсіпорындар мемлекет меншігіне көше береді. ПӘРӘНЖІСІЗ ПАРИЖ Францияның Ұлттық жина­лы­сының депутаттары “адамның жү­зін жауып тұратын киім киюге ты­йым салу” жөніндегі қарарды қол­дап дауыс берді. Олардың пікі­рін­ше, пәрәнжі кию “респуб­лика­лық құндылықты бұзған­дық” бо­лып та­бы­лады екен. Үкі­мет соған сәй­кес заң дайын­дап жатыр, ол бо­йынша “қоғамдық орында жүзін жап­қан киім” ки­ген­дерге 150 еуро айып салын­бақ. Бұл заң парла­ментте бекі­тіледі. Францияда 5 мил­­лион­дай мұсылман өмір сүре­ді, екі мыңдай әйел пәрәнжі киеді екен. ПЕРІШТЕ ҚАҚҚАН Сәрсенбі күні Ливияның ас­та­насы Триполидің әуе­жа­йында Оңтүстік Африка Республика­сынан ұшып келіп, қонар сәтте А300-200 аэробус ұшағы апатқа ұшырап, 93 жолаушы мен 11 экипаж мүшесі қаза тапты. Тек сегіз жасар бала ғана аман қалды. Осы апаттың сал­дарынан бүкіл ұшақтың быт-шыты шығып, жай темір-терсекке айнал­ғанын көр­генде, әлгі бала­ның қалай аман қалғанына таң­данасың. Сірә, періште қаққан деп осын­дайда айтса керек. ҚАРАҚШЫЛАРҒА ҚАТАЛДЫҚ Жақында Сомали қарақшы­ларының бір тобы “Московский университет” танкеріне шабуыл жасағанда, Ресейдің екінші әскери “Маршал Шапошников” кемесі­нің арнаулы бөлімшесі қарақ­шы­ларды тұтқындап, отан­дастарын құтқарғаны белгілі. Сонан соң ресейліктер қарақшы­ларды үрмелі қайыққа мінгізіп, ашық теңізге босатып жібереді. Жағалаудан 300 миль қашықтан ашық теңізге жіберу оларды тікелей өлімге кес­кен­мен бірдей еді. Қазір олар­дың барлығының қаза болғаны анықталып отыр. Сондай-ақ ре­сей­ліктер қарақшы­ларды алдын ала атып өлтіріп, олардың дене­лерін одан кейін қайыққа салып, теңізге жіберген деген де сөз бар. Әзірлеген  Мамадияр ЖАҚЫП.