Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру мүмкіндігін бағалмай отыр. Бұл туралы жұма күні президент Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
BBC Түркия президентінің Скандинавия елдерінің «террористік ұйымдардың баспанасына айналғанын» айтқаны туралы жазды.
Ердоғанның мәлімдемесі Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне кедергі болуы мүмкін. Өйткені қабылдау туралы шешім альянсқа мүше барлық елдердің консенсус негізінде қабылдануы керек.
Бұған жауап ретінде екі елдің сыртқы істер министрлері сенбі күні Берлинде түрік әріптесімен кездесуге үміттенетіндерін білдірді.