Бір күн бұрын қайтыс болған шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның інісі Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Абу-Даби шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті қызметіне кірісті», деп жазылған ресми хабарламада.