• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2022

Жамбылда жол апатына ұшыраған шетелдіктер еліне аттанды

178 рет
көрсетілді

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ колоннамен жолға шықты. Олар Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 8 жедел медициналық жәрдем көлігі және 1 «Ванхолл» маркалы жолаушылар автобусымен аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, автокөліктерде зардап шеккен 13, уақытша орналастыру пунктіндегі 7 адам мен 2 қаза тапқан адамның денесі бар.

Өзбекстан ТЖМ орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне және өз отандастарын құтқаруға жұмылдырылған барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.

14 мамыр сағат 7:15-те колонна Қазақстан Республикасының шекарасынан өтті. 1980 және 1965 жылдары туған Өзбекстанның екі азаматы Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Естеріңізге салайық, 12 мамыр күні сағат 15:46-да Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Алматы-Ташкент» автожолының 571 шақырымында жол-көлік оқиғасы болған еді.