• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2014

Сайлау жүйесін дамытуға қызығушылық

425 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов кеше Жапонияның еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Камохара Масаёсимен кездесу өткізді.  Жапондық тарап бас­тамашы болған бұл кездесуге, сондай-ақ, Жапония елші­лігі­нің үшінші хатшысы Маки Такаси және Орталық сайлау комис­сиясының мүшелері Марат Сәрсембаев пен Татьяна Охлопкова қатысты. Кездесу барысында Қуандық Тұрғанқұлов еліміздің сайлау жүйесі туралы жан-жақты ақпарат берді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау­лар туралы» Заң 1995 жылы қабылданғанын тілге тиек еткен ОСК төрағасы сол кезден бас­тап сайлаулардың демократиялы әрі халықаралық стандарттарға сай өте бастағандығымен бөлісті. Осы жылдар ішінде әрбір сайлау науқанынан кейін сайлау заң­намасы 13 рет пысықталып, 700-ден аса өзгерістер енгізілген. Соның нәтижесінде еліміздегі өткен бар­лық сайлаулар қоғам тарапынан қолдауға ие болып келеді. Сондай-ақ, төраға ОСК Азиялық сайлаулар органы жүйесінің басшылық органы құрамына енгендігін, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдеріндегі оңды нәтижелерге ден қойып отырғандығын жеткізді. «Біз жапондық әріптестерімізбен сайлау жүйесін дамыту және жетілдіру аясында жинақталған тәжі­рибемен неғұрлым тиімді ал­масуға мүмкіндік беретін ынты­мақ­тастықтың дамуына шынайы қызығушылық танытамыз», деді ОСК төрағасы. Елші Камохара Масаёси өз ке­зегінде өте қысқа уақыт ішінде Қа­зақстан демократиялық жолға аяқ басып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізгендігін тілге тиек етті. Ал Жапонияда сайлау жүйесіне реформа жүргізу Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алыныпты. Бұл ретте Масаёси өз елінде қала мен ауылдарға қатысты сайлау жәшіктерінің бөлінісі әлі де жолға қойылмай келе жатқанын жасырмады. Тіпті, былтыр осы елдің Жоғарғы соты қалалар мен ауылдар арасындағы тепе-теңдік мәселесі бойынша пікір білдіріп, оның конституциялық талаптарға сай  еместігіне де назар аудартыпты. Қазіргі таңда жапониялық депутаттар осы мәселемен айналысуға кіріскелі отыр, деп мәлімдеген елші  жалпы бұл кездесудің басты мақсаты сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу, сайлау жүйесін, сайлау заңнамасын және оны қолдану практикасын жетілдіру аясындағы Қазақстанның тәжірибесімен та­нысу екенін жеткізді. Елші бұ­дан әрі ынтымақтастықтың да­ми түсетініне сенім білдіріп, Қазақ­стан­ның Орталық сайлау комиссия­сының жұмысына табыс тіледі. Қ.Тұрғанқұлов сөз реті келгенде былай деді: «Ынтымақтастықтың өзара тиімді, жемісті және сындарлы сипаты бізге демократиялық сайлауды ұйымдастыру мен өткізу аясында әр елде жинақталған тә­жі­рибемен тиімді алмасу мүмкіндігін береді». Сондай-ақ, төраға Орталық сайлау комиссиясы өзара әрекеттесудің барлық деңгейінде тәжірибе мен ақпарат алмасу үшін ашық және халықаралық ұйымдар мен екіжақты кездесулер шеңберінде де белсенді байланыстар орнатуға дайын екендігін жеткізді. Және де Қазақстан мен Жапония орталық сайлау комиссиялары арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы ме­мо­рандумға қол қою мүмкіндігін қарастыруды да ұсына кетті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».