Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге жартылай финалда америкалық Джон Изнер – тағы бір аргентиналық Диего Шварцманмен күш сынасты.
Бірінші партияда америкалық-аргентиналық жұп бір брейкпен басымдылық танытты – 6:4.
Екіншісінде А.Голубев пен М.Гонсалес дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:4.
Супер тай-брейкте Д.Изнер мен Д.Шварцман жеңісті жұлып алды – 11:9.
Осылайша, А.Голубев мастерс додаларында екінші рет жартылай финалға дейін жетті.
Америкалық-аргентиналық жұп финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павич немесе италиялықтар Симоне Болелли – Фабио Фоньини жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.