Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» 2014 жылғы 27 ақпандағы Жарлығын қолдайды.
Бұл жөнінде Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясы «Шағын кәсіпкерліктің үлкен мәселелері» деген тақырыпта өткізген дөңгелек үстелде мәлімдеді.
Отырыста күн тәртібіндегі мәселе бойынша фракция жетекшісі Владислав Косарев пен Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева баяндама жасады.
Бүгінгі таңда орта және шағын кәсіпкерлік – еліміздегі көптеген отбасын асырап отырған табыс көзі. Олар мемлекетке салық төлеушілер. Сондықтан да оларды мемлекеттік қолдау қажет. Дөңгелек үстелде Қазақстан фермерлері одағының төрағасы Әуезхан Дарынов, Жамбыл облыстық ҚКХП бірінші хатшысы Жанна Мамашева, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров, тағы басқалар сөз сөйледі.
«Егемен-ақпарат».