• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Мамыр, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

121 рет
көрсетілді

Синоптиктер 16 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста дауыл, бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауылдар, солтүстік-батыста, шығыста тұман сақталады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел күші 15-20, Жалаңашкөл ауданында екпіні 24-29 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, облыстың шығысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады, жел облыстың оңтүстік-шығысында түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.