Ақтауда 6656 әскери бөлімінің әскери қызметкері патрульдік бағытты рұқсатсыз тастап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімі бұл деректі растады. Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Белгілі болғандай, 18 жастағы әскер қатарына шақырылған сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамыр күні түнде сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан шығып кеткен.
Әскери қызметкер ҚР Ұлттық ұланының «Ұлттық Ұлан» деген жазуы бар көк түсті формасы мен қара түсті әскери аяқ киім киген. Бойы 160-170 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.